Сайтқа тіркелуіңізді сұраймыз!
Сайт мәзірі
Басты бет
Қазақша әндер
Ән сөздері
Бейнеклиптер
Отандық фильм
Рефераттар мен Шығармалар
Сайт жаңалықтары
02.04.2013
Жуырда "Бейнеклиптер" және "Отандық фильм" бөлімдері ашылады.
06.07.2012
"Ән сөздері" бөлімінің ашылуы
05.07.2012
"Қазақша әндер" бөлімінің ашылуы
04.07.2012
Сайттың ашылуы
Үздік әндер
Жаңа әндер
Статистика
Онлайн небәрі: 1
Қонақтар: 1
Сайтқа тіркелгендер: 0
Архив » Әннің сөздері » Мейрамбек Беспаев - Қызым саған айтамын
Бізде Мейрамбек Беспаев - Қызым саған айтамын әнінің сөздерін оқуға болады, тіркелусіз. Сонымен бірге Мейрамбек Беспаев-ның басқа да әндерінің сөздерін табуға болады. Егер сіз Мейрамбек Беспаев - Қызым саған айтамын әнінің сөздерінде қате тапсаңыз - сайт қолдауына хабарласыңыз.
Әннің аты: Мейрамбек Беспаев - Қызым саған айтамын
Қосылған күні: 05.07.2012
Қосқан: DanChik
Санаты: Әннің сөздері
Көрілімдер: 1038
Сөздері:
Арманшыл болсаң қу балам, 
Арына сенер бұл адам, 
Өмірде нелер болмайды, 
Сүрініп мен де құлағам. 

Өнерді қусаң ол болар, 
Өмірден алған сыбағаң, 
Абайла қызым, тағдырдың
Бұралаң жолы, бұралаң. 

Талайды сынап түзеткен, 
Еліңді сыйла ізетпен, 
Әкең де саған жол сілтеп, 
Ізгілік жолын күзеткен. 

Анаңды жерге қаратпа, 
Көктемін сен деп күз еткен, 
Абайла қызым, тағдырлар, 
Талайдың жанын мұз еткен. 

Өмірге берсең аласың, 
Оқысаң лаулап жанасың, 
Жайпауыз болсаң арманға, 
Жете алмай жолда қаларсың. 

Нәзіктік болар жолдасың, 
Ұл емес сен қыз баласың, 
Абайла қызым, тағдырлар, 
Салады жанға жарасын. 

Құлағын түргің санаңның, 
Жұмбағы сан мың ғаламның, 
Арман мен нұрдан жаралған, 
Гүлісің сен бір даламның. 

Адалдық болса кеудеңде, 
Артқаны, дәйім, бағымның, 
Абайла қызым, өзіңнен, 
Болмағы жақсы адамның. 

Атырып көзбен әр таңды, 
Әжең де қуған арманды, 
Кім өтер дейсің мәңгілік, 
Жанына байлап жалғанды. 

Өмірде не бір арулар, 
Өшпестей өрнек салғанды, 
Абайла қызым, өкініп, 
Талайлар қапы қалғанды. 

Арайлы таңның жыры көп, 
Жыры көп, шашар нұры көп, 
Тазалық болса кеудеңде, 
Даламның айтар сыры көп. 

Уақытты босқа өткізбе, 
Шығарма естен ұмытып, 
Айтпайды босқа әкең де, 
Уақыттың адам құлы - деп. 

Кәрілік қашсаң қоймайды, 
Сұм ажал тіптен тоймайды, 
Ғұмырың лезде өтеді, 
Мақсатқа жетпей болмайды. 

Еңбекті сүйсең көгеріп, 
Жапырағың солмайды, 
Жеңілтек болсаң қайғыңның, 
Өлгенше орыны толмайды. 

Найзағай көкті жүз тіліп, 
Жатады кейде түз күліп, 
Жасарып әлем айдында, 
Сәулесі түсер сүзіліп. 

Жаз өтер қыс пен, күз де өтер, 
Құс қайтар қайта тізіліп, 
Кірпікте арың ілулі, 
Кетпесін жас боп үзіліп. 

Өмірдің сырын байқадым, 
Жақсыға байтақ бай таным, 
Әділдік жолын барласаң, 
Кеудемде жарылар қайда мұң. 

Үмітін ақта анаңның, 
Қызым-ау саған айтамын, 
Әдепті болсаң өмірден, 
Қуанып мен де қайтармын.




Бағалаңыз:
Небәрі 1 пікір
Saul
I just hope wheover writes these keeps writing more!