Сайтқа тіркелуіңізді сұраймыз!
Сайт мәзірі
Басты бет
Қазақша әндер
Ән сөздері
Бейнеклиптер
Отандық фильм
Рефераттар мен Шығармалар
Сайт жаңалықтары
02.04.2013
Жуырда "Бейнеклиптер" және "Отандық фильм" бөлімдері ашылады.
06.07.2012
"Ән сөздері" бөлімінің ашылуы
05.07.2012
"Қазақша әндер" бөлімінің ашылуы
04.07.2012
Сайттың ашылуы
Үздік әндер
Жаңа әндер
Статистика
Онлайн небәрі: 1
Қонақтар: 1
Сайтқа тіркелгендер: 0
Архив » Әннің сөздері » Мейрамбек Беспаев — Сен үшін жаралғандаймын
Бізде Мейрамбек Беспаев — Сен үшін жаралғандаймын әнінің сөздерін оқуға болады, тіркелусіз. Сонымен бірге Мейрамбек Беспаев-ның басқа да әндерінің сөздерін табуға болады. Егер сіз Мейрамбек Беспаев — Сен үшін жаралғандаймын әнінің сөздерінде қате тапсаңыз - сайт қолдауына хабарласыңыз.
Әннің аты: Мейрамбек Беспаев — Сен үшін жаралғандаймын
Қосылған күні: 05.07.2012
Қосқан: DanChik
Санаты: Әннің сөздері
Көрілімдер: 1409
Сөздері:
Жете алмай саған тіл қатып,
Жүректің мұңын тыңдатып,
Сағыныш болып кеудемде,
Таба алмай емін бұл уақыт.

Өртеңген сезім бойымда,
Қанымды қызу тулатып.
Жаныңнан бір сәт табылсам,
Мен үшін сол да бір бақыт.

Жанымды тербеп балдай мұң,
Әнімді саған арнаймын.
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын.

Құс болып ұшып самғаймын,
Іздеуден сені талмаймын.
Мүлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын.

Теңіздей тулап тамырым,
Таусылды төзім, сабырым.
Жанымды менің шөлдетпе,
Нұрыңды төкші, жарығым.

Жабырқап жүрген көңілді
Жазатын сенсің, дәруім.
Сүйумен өтсем өмірден,
Арманым бар ма, аруым?

Жанымды тербеп балдай мұң,
Әнімді саған арнаймын.
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын.

Құс болып ұшып самғаймын,
Іздеуден сені талмаймын.
Мүлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын.

Зырғумен өтер сағым жыл.
Оралмас қайта шағың бұл.
Жылуын аңсап сезімнің,
Жаураған менің жаным жүр.

Еліктей сұлу бейнеңмен
Еріксіз мені бағындыр.
Сарғайтып менің жанымды
Сағындыр сәулем, сағындыр.

Жанымды тербеп балдай мұң,
Әнімді саған арнаймын.
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын.

Құс болып ұшып самғаймын,
Іздеуден сені талмаймын.
Мүлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын.




Бағалаңыз:
Небәрі 4 пікір
серікбай маханұлы
МАҚТАШЫ ҚЫЗ .
Сөзі , әні .
Нәзік сезіммен . Серікбай Маханұлынікі .

Таң атқанда ерке нұрмен ояндың ,
Ширақ басып ақ шәліңді орандың .
Айдын теңіз жүрек сырын тербетіп
Кешке қарай мақта теріп оралдың .

Қайырмасы :
Қос жүйекте ақ ұлпа ,
Келе жаттық қос қалқа .
Қатарластық , сырластық
Жаңа таныс болсақта .

Көз жүгірттім , тал бойыңа қарадым ,
Үлбірейді ашық – жарқын қабағың .
Жан салдырма терім жайда алдыңа
Еңбекпенен әнім болшы қарағым .

Қайырмасы :

Ерлік көрдім қыпша нәзік беліңнен ,
Махаббатты ұрламайын көзіңнен .
Кел екеуміз игі істер атқарып
Бір болайық шалқып жатқан еліммен .

Қайырмасы:
серікбай маханұлы
ЖАМБЫЛ АТА .
Көтеріңкі Сөзі мен Әні.
Серікбай Маханұлынікі .

Асқар тау биік тұлғаңнан ,
Ғажайып сырлар жырданған .
Өмірді көрген бұлбұлым ,
Қайнайды жырлар жылғаңнан.
Қайырмасы :
Ғасырдан ғасыр жалғасып ,
Келесің Жамбыл жатталып .
Әліде талай тойыңды ,
Елдерім жатыр атқарып .

Ақ алмас өткір қария ,
Ақылың неткен дария .
Отанды сүйген жүрегің ,
Баршаға болды жария .

Қайырмасы :
Атылды оғың өлеңмен ,
Тәрбие ісін көрем мен .
Қабыл боп берген ақ батаң.
Соғысты жеңдің өренмен .

Қайырмасы :
cерікбай маханұлы ақын--сазгер
ЖАҢА ЖЫЛ , ҚАЛҚАШЫМ .
Сөзі , әні .
Көңілді . Серікбай Маханұлынікі .

Ақша қар , Аяз ата - Жаңа жылым ,
Малынып ақ ұлпаға арай таңым .
Жайқалып көріктенді шыршаларым
Ән салып , кел билейік қалқажаным .

Қайырмасы ;
Салют боп , ұшқында шоқтарым ,
Жаңа жыл бақытым қалқашым .
Лауласын аспанда от – жалын
Жайқалсын гүл – дәурен шақтарым .

Жаңарған дүние тұр аппақ қардан ,
Жаңа жыл күйін шертіп ақтарылған .
Қалқашым қарап көрші табиғатқа
Ғажайып мезгілімен ауыстырған .

Қайырмасы ;

Тамырын ұстап тұрып білегіңнің ,
Дүрсілін естіп тұрмын жүрегіңнің .
Қалқашым Жаңа жылда бақыт сыйла
Арманы орындалсын тілегімнің ?!

Қайырмасы ;
cерікбай маханұлы ақын--сазгер
АМАН БОЛ БОЗБАЛА .
Сөзі , әні
Көтеріңкі жігермен . Серікбай Маханұлынікі .

Есейсемде мен іздеймін Тараздан ,
Жарқын бейнең елестейді Таластан .
Сол бозбала аман болып , жас болып
Жастығымды ұмыта алман еш қашан .

Қайырмасы :
Таразым меннің жыр мекен ,
Жастығым сонда жүрмекен .
Гүлдерге әсем оранып
Желменен баяу таранып .
Таластың бойын жағалап ,
Бақтардың ішін аралап .
Жүректе қалған сен ғана
Өзімді сүйген бозбала ,
Бозбала .

Тербетесің сағынышқа жүректі ,
Санауменен айлар , жылдар , күн өтті .
Күлімдеген бал –-- мінезді бозбала
Армандадық , бірге арнап тілекті .

Қайырмасы :
Аман болсын сол бозбала жастығым ,
Есімдесің туған жерім Таразым . Сұлулықтың --- пәктігімнің белгісі
Аққуың боп қанат қақтым Таласым .

Қайырмасы :