Сайтқа тіркелуіңізді сұраймыз!
Сайт мәзірі
Басты бет
Қазақша әндер
Ән сөздері
Бейнеклиптер
Отандық фильм
Рефераттар мен Шығармалар
Сайт жаңалықтары
02.04.2013
Жуырда "Бейнеклиптер" және "Отандық фильм" бөлімдері ашылады.
06.07.2012
"Ән сөздері" бөлімінің ашылуы
05.07.2012
"Қазақша әндер" бөлімінің ашылуы
04.07.2012
Сайттың ашылуы
Үздік әндер
Жаңа әндер
Статистика
Онлайн небәрі: 1
Қонақтар: 1
Сайтқа тіркелгендер: 0
Архив » Әннің сөздері » Серікбай Маханұлы - Жаңа жыл, қалқашым
Бізде Серікбай Маханұлы - Жаңа жыл, қалқашым әнінің сөздерін оқуға болады, тіркелусіз. Сонымен бірге Серікбай Маханұлы-ның басқа да әндерінің сөздерін табуға болады. Егер сіз Серікбай Маханұлы - Жаңа жыл, қалқашым әнінің сөздерінде қате тапсаңыз - сайт қолдауына хабарласыңыз.
Әннің аты: Серікбай Маханұлы - Жаңа жыл, қалқашым
Қосылған күні: 03.04.2013
Қосқан: Doni
Санаты: Әннің сөздері
Көрілімдер: 1566
Сөздері:
ЖАҢА ЖЫЛ , ҚАЛҚАШЫМ .
Сөзі , әні .
Көңілді . Серікбай Маханұлынікі .

Ақша қар , Аяз ата - Жаңа жылым ,
Малынып ақ ұлпаға арай таңым .
Жайқалып көріктенді шыршаларым
Ән салып , кел билейік қалқажаным .

Қайырмасы ;
Салют боп , ұшқында шоқтарым ,
Жаңа жыл бақытым қалқашым .
Лауласын аспанда от – жалын
Жайқалсын гүл – дәурен шақтарым .

Жаңарған дүние тұр аппақ қардан ,
Жаңа жыл күйін шертіп ақтарылған .
Қалқашым қарап көрші табиғатқа
Ғажайып мезгілімен ауыстырған .

Қайырмасы ;

Тамырын ұстап тұрып білегіңнің ,
Дүрсілін естіп тұрмын жүрегіңнің .
Қалқашым Жаңа жылда бақыт сыйла
Арманы орындалсын тілегімнің ?!

Қайырмасы ;




Бағалаңыз:
Небәрі 14 пікір
ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ .
Күзге жақын құстар қайтты манурап ,
Барасыңдар , зәңгір көкті алаулап . Қанаттарың жұбын жазбай тынбастан ,
Жылы жақка ұшасыңдар аспандап .
Қиқуландың ажарланып ән салып ,
Үлестірдің топтарыңмен сән болып .
Бала кезгі сағынышым оралып ,
Қараймын ғой жолдарыңа ойланып .
Айталмадым көптен бері іздедім ,
Сезімімді сұлулыққа бөледім .
Мекен – жайды көзбен көріп қайтуға ,
Қайтып қана , ұшарымды білмедім .
Қанатым жоқ , кетер едім ілесіп ,
Әттең – әттең қаламын ба тілдесіп .
Іздеуменен өткіземін шарқ ұрып ,
Бакытымды , уақытымды бірлесіп
ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ .


Шарықтата. Сөзі , әні Серікбай Маханұлы .

Күзге жақын құстар қайтты манурап ,
Барасыңдар , зәңгір көкті алаулап .
Қанаттарың жұбын жазбай тынбастан ,
Жылы жақка ұшасыңдар аспандап .

Қиқуландың ажарланып ән салып ,
Үлестірдің топтарыңмен сән болып .
Бала кезгі сағынышым оралып ,
Қараймын ғой жолдарыңа ойланып .

Айталмадым көптен бері іздедім ,
Сезімімді сұлулыққа бөледім .
Мекен – жайды көзбен көріп қайтуға ,
Қайтып қана ,ұшарымді білмедім .

Қанатым жоқ , кетер едім ілесіп ,
Әттең – әттең қаламын ба тілдесіп .
Іздеуменен өткіземін шарқ ұрып ,
Бакытымды , уақытымды тұр есіп
серікбай маханұлыСпам
ҰНАТАМЫН .
Толғаныспен . Сөзі , әні Серікбай Маханұлы
Ұнатамын жүзіңді қандай көркем ,
Басқа жанға баласам қалай көрем .
Ойламаппын қоспады тағдыр бізді ,
Келбетіңе соншалық қарай берем .
Қайырмасы : . Нәзіктігің есімде ,
Жарасады кезіңде .
Құпияға кез болып ,
Қала бердім сезімде .
Жасқаншақпен ойымды айталмадым ,
Талай күндер , өтті ғой қайтармадым .
Алдандырып төзімді өзіңменен ,
Жүргенімде қайтейін жасырмадым . . Қайырмасы :
Сүйгенімді білерсің қысып құшып ,
Жақсылықтың мерейін алып ұшып .
Дүниенің қол жетпес барлық мүлкін ,
Теңгерсемде жүрегім , қинап тұрып . . Қайырмасы :
серікбай маханұлыСпам
Серікбай Маханұлы
БІР ТОЙЫМ БАР ....
.
Мен Төлегенмен бір жылдары 1937 жылы 29 – шілдеде дүниеге
келіппін , бір жылғы төл болғасын құрдас едік .1963- жылдары жаз айлары болатын . Қазақстан жазушылар одағының үйінің алдында Шәмші Қалдаяқов , Балта Исаев , Дүкенбай Досжанов жәнемен барлығымыз әңгімелесіп тұрғанбыз , Одақ үйінің ішінен ортабойлы сылыңғыр аққұбалау келген бір жас жігіт шығып , есік алдында
тұрған біздермен амандасып болғаннан соң бірден дауысын көтере
“мен сендерді үйде дастархан жайып күттім , келмедіңдер енді
неменеге келіп тұрсыңдар» дегені .
Мен қасымда тұрған Шәмші ағадан “мына жігіт кім , өкпесін айтып тұрған ” дедім үйткені бірінші көруім Төлегенді . Әңгіменің барысы былай екен . Төлеген үйіне быраз жолдастарын қонаққа шақырады , келген жолдастары аз екен , соған өкпелеп тұр- деді Шәмші аға .
МЕН жас жігітке қарап , Өкпелеме жігітім , бір тойың болары сөзсіз мүмкін “депін. Сол жерде Төлегенмен танысып ресторан кофелерге қарай бет алдық барлығымыз тамақтануға .“Бір тойым бар менің” деген өлеңі осылай шыққан еді .
1965- жылы үйленіп Алматыдан Темірланға келдім .
Елге келгенсоң Бердуәлі Тұрмаханбетов деген журналист ағамыз көшеде мені тоқтатып “Серік інім сен Төлеген Айбергеновтың “Бір тойым бар” өлеңін жатқа біледі дейді , рас па ? деп сұрады .
Мен шынымды айттым , Жатқа білмеймін , мәнерлеп оқып бере аламын дедім .
Сол өлеңге ұйытқы болған сен екенсің деп Төлеген өзі айтты маған . Мен Төлегенге ұстаз болғанмын Сарыағашта деді .
1967 – жылы Алматыға бір іс – сапармен бардым ,Кластас досым Балта Исаевтың үйіне соқтым . Балта мен Сақыш екеуі Төлегеннің үйіне бара жатырмыз дегені . Жайша ма дедім мен .Төлеген Нүкіс қаласында қайтыс балыпты , сол жаққа жерлепті деген сөзі төбемнен жайдың оғы тигендей әсер етті маған .Отыз жас орда бұзар кезде о дүниелік болып кетті қас пен көздің арасында бір ұшқын болоып .Ол ұшқын борлған жоқ . Жанып тұрған жанар тау болды қазақ әдебиетіне жазған жырлары мәңгі тірі, ұрпақтарға үлгі болмақ . .
Еңбек ардагері ,
Ақын – сазгер .
серікбай маханұлыСпам
ЖАҢА ЖЫЛ , ҚАЛҚАШЫМ .
Көңілді. Сөзі , Әні
Серікбай Маханұлынікі
Аяз ата , ақша қар Жаңа жылым ,
Ақ ұлпаға малынып арай таңым .
Көріктеніп , жайқалып шыршаларым,
Кел билейік ән салып қалқажаным .
Қайырмасы:
Салют боп , ұшқындап шоқтарым ,
Жаңа жыл бақытым қалқашым .
Аспанда лауласын от – жалын,
Жайқалсын гүл – дәурен шақтарым .

Дүние тұр , жаңарған аппақ қардан ,
Күйін шертіп Жаңа жыл атқарылған.
Қалқажаным қарашы табиғатқа ,
Мезгілімен ғажайып ауыстырған .
Қайырмасы :
Тамырыңның ұстадым білегіңнің ,
Естіп тұрмын дүрсілін жүрегіңнің .
Жаңа жылда қалқашым бақытты бол,
Орындалсын арманы тілегімнің ? !
Қайырмасы
серікбай маханұлыСпам
ҚАРАҒЫМ – АЙ .
Баяулата көтеріп . Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Әнім бедің Қарағым – ай ,
Қандай жарқын жанарың – ай .
Махаббаттың гүлін сыйлап
Жан жүрегім жалындадай .
Қайырмасы :
Қарағым – ай қарашы ,
Лүпіл соғар шың басы .
Қозғалыста жүрегім
Өзің көріп тыңдашы .

Хор қызындай Қарағым – ай ,
Көптен күткен арманым – ай .
Әуреледің неге мұнша
Көктен жыржып барады Ай .
Қайырмасы :
Қарағым – ай жыр дайын ,
Ақ қайыңнан сұрайын .
Ғашықтардың сырларын
Домбырамнан тартайын .

Сені іздеп Қарағым – ай,
Шақырады бал қарағай .
Біз екеуміз куә болған
Тербеледі барлық маңай .
Қайырмасы :
Қарағым – ай жыр сақтап ,
Әнім қалсын тұрақтап .
Сүйгеніңе тіл қатшы
Махаббатқа шырақ боп .
серікбай маханұлыСпам
ЖАУАДЫ ҚАР .
Жігерлі Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Жауады қар жайлап қана төбеден ,
Өзгеше боп ағарды жер кешеден .
Шана сүйреп бір балдырған келеді
Домаланып сүрінеді көшеден .

Қайырмасы :
Зуылдайды мәшине ,
Ойын қызды бәріне .
Шыдар мекен балалар
Суық күннің зәріне .

Ей , балақай бойыңды тіп – тік ұста ,
Ойыныңды қандырасың бұл қыста .
Жұрттан бөлек ерінбегін жалқау боп
Ең алдымен мұз айдынды дұрыста .

Қайырмасы :

Домалатып ақша қарды топ бала ,
Соғып жатыр зәулім биік ақ қала .
Суды сеуіп , мұз қатырып биікке
Шығып алып мәз болады шаттана .

Қайырмасы :
серікбай маханұлыСпам
ЖАҢА ЖЫЛ .
Шаттықпенен жырға бөлеп дала тұр ,
Ақша қармен арайланып Жаңа жыл .
Ақ көрпесін төңірекке жаяды
Көптен күткен Аяз ата қайда жүр ?

Асыл моншақ тағынады шыршалар ,
Кел ойнайық дөңгеленіп балалар .
Жаңа жылға Аяз ата келіңіз
Салют беріп талай қызық басталар .

Күміс күлкі жүзімізге жыр ойнап ,
Тамашасын қарсы алайық бір тойлап .
Жаңа жылда ән бесігін тербетіп
Жер Анадан Күн шығады нұр жайнап .

Сыйлықтарын шашу етіп бәріңе ,
Жаңа жылым көрік берсін сәніңе .
Хош келіпсің Аяз ата төрлеткін
Бақыт толсын сағынышты нәріңе
серікбай маханұлыСпам
ДҮНГЕН ҚЫЗЫ .
Жоғары екпін . Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Талай қыздың сұлулығын көргенбіз ,
Сырың жұмбақ еркелеген Дүнген қыз .
Жаратылған нәзік сезім мөлдір көз
Тарбағатай тау елінен келген қыз .

Қайырмасы :
Көз жанарың жарқырап ,
Магниттей боп тартқылап .
Дүнген қызы қарайсың
Атқан таңдай алаулап .
Бір қазақтың тілегін
Қабыл алғын жүрегін .

Бақыт таңын ойланамын енді мен ,
Шырқатайын шарықтатып әнді мен .
Күн көзінен гүл оранған Дүнген қыз
Бар арманым бірге болу сенімен .

Қайырмасы :
Басылмайсың көңіл шіркін сергімей ,
Іздесемде табылмайды қыз сендей .
Жерің жәннәт Тарбағатай даласы
Қалай жүргем Дүнген қызын мен білмей .

Қайырмасы :
Әнімді қалай жүктеймін
серікбай маханұлыСпам
ГҮЛ СЕЗІМДІ -- ГҮЛЗАДА .
Сөзі , әні .
Орташа екпінмен . Серікбай Маханұлынікі .


Атың қандай гүл сезімді Гүлзада ,
Атқан таңдай жарқырайсың арманда .
Қара шашың төгіледі жарасып
Қиғаш қасың келбетіңе тұнғанда .

Қайырмасы :
Көркіңе сай жайраңдайды мінезің ,
Ән арнайын ақ пейілді қыз едің .
Өмір толқын арнасына бет бұрдың
Шаттықпенен бақытыңды түзедің .

Еңбегіңді өтеледің өмірге ,
Дақ салдырмай ешбір жанға көңілге .
Желбіредің тау шыңында Шынар боп
Ел ішінде ие болып сенімге .

Қайырмасы :
Сөз кезегі келіп тұр ғой ақылға ,
Сыйлы болып жүре білдің жақынға .
Жасап жатқан мерей тойың құт болып
Әндеріне шабыт бердің ақынға .

Қайырмасы :