Сөздері:
Өртенген сезімді, Қалайша өшірем? Балалық кезімді, Қалайша кешірем? Қалайша кешірем? Кешірем... Қайырмасы: Алғашқы махаббат, Жүректі тербейді, Мәңгілік бақ құсым, Коштасқым келмейді, Коштасқым келмейді. Өмірдің пәктігін, Жаныма сыйлаған, Кештерді қайтейін, Кетуге қимаған, Кетуге қимаған, Қимаған... Қайырмасы: Алғашқы махаббат, Жүректі тербейді, Мәңгілік бақ құсым, Коштасқым келмейді, Коштасқым келмейді. Айтпаған әнімді, Кімге мен арнаймын, Үмітім узілсе, Қайтіп мен жалғаймын, Қайтіп мен жалғаймын, Жалғаймын.. Қайырмасы: Алғашқы махаббат, Жүректі тербейді, Мәңгілік бақ құсым, Коштасқым келмейді, Коштасқым келмейді.
|