Сайтқа тіркелуіңізді сұраймыз!
Сайт мәзірі
Басты бет
Қазақша әндер
Ән сөздері
Бейнеклиптер
Отандық фильм
Рефераттар мен Шығармалар
Сайт жаңалықтары
02.04.2013
Жуырда "Бейнеклиптер" және "Отандық фильм" бөлімдері ашылады.
06.07.2012
"Ән сөздері" бөлімінің ашылуы
05.07.2012
"Қазақша әндер" бөлімінің ашылуы
04.07.2012
Сайттың ашылуы
Үздік әндер
Жаңа әндер
Статистика
Онлайн небәрі: 1
Қонақтар: 1
Сайтқа тіркелгендер: 0
Архив » Қазақша әндер » Жiгiттер Квартетi - Менiң асыл жеңешем
Бізде Жiгiттер Квартетi - Менiң асыл жеңешем жүктеуге болады, тіркелусіз. Сонымен бірге Жiгiттер Квартетi - Менiң асыл жеңешем онлайн тыңдауға болады. Егер сізде Жiгiттер Квартетi - Менiң асыл жеңешем жүктеуде немесе тыңдауда қиындық туындаса - сайт қолдауына хабарласыңыз.
Әннің аты: Жiгiттер Квартетi - Менiң асыл жеңешем
Қосылған күні: 06.07.2012
Қосқан: DanChik
Ұзақтығы: 4:22 мин
Көлемі: 6.10 mb
Санаты: Қазақша әндер
Көрілімдер: 8602
Жүктеулер: 2189




Әнді бағалаңыз:
Тыңдауға ұсынамыз:
Қазақстан Республикасының әнұраны
X.A.U.S - Егер сүйсен шын сүй
X.A.U.S - Сен және Мен
Шyngys, Smitty, Damon - Эй, Қазақ (Remix)
X.A.U.S - Махаббат сыры (2 Бөлiм) (feat Farid)
Мырзахан Маханов - Сағындым
Жiгiттер Квартетi - Бақытты бол
Жiгiттер Квартетi - Менiң асыл жеңешем
Жанар Дугалова - Уайымдама
Дастан Оразбеков – Қайт қасыма
Небәрі 2 пікір
серікбай
МЕН – ДАҒЫ ӨЛЕҢ ЖАЗБАЙМЫН....
Жеңіл – созылмалы. Өлеңі: Мұқағали Мақатаев.
Әні: Серікбай Маханұлы.
Мен өлеңді жазбаймын біреу үшін,
Өрнек тағып өмірден өлмеу үшін.
Жырларымды жазамын жасырмастан,
Жаралы жүректерді емдеу үшін.

Қуанамын, өзгелер жыламасын ,
Зейін қойып кейбіреу, тыңдағасын.
Өтсем болды арқалап, адамдардың,
Шаттығымен, қайғысын, мұң – наласын.

Қуат алып, Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.

Намысымды басқаға бермеу үшін ,
Надан жанға ойымды бөлмеу үш ін .
Үлг і жаздым, жастарға жарқыратып,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.
ӨЛЕҢ ЖАЗАМЫН.
Өлең сөздің құдыретін түгендеп ,
Жазар едім , айтар біреу ермек деп ,
Түсінбейтін қызғанышпен ойласаң ,
Сөзін ақтап , бұл жалғанда жүрмек тек .
Жыламасын, көздің жасын ағызып ,
Мұң-қайғысын кімге айтар арызғып .
Тыңдар болсаң осыларды дұрыстап ,
Айтар сөзін таңдайынан тамызып .
Ойландырып Абай айтқан нақылдан ,
Тыңдамайтын адамдар бар ақылдан .
Соқса жүрек мың құбылып қапысыз ,
Дұшпандарын артық көрер досынан .
Осындай жан кездеседі өмірде ,
Жалғандықта мойымайды өзіде.
Көрінгенде жанжағынан абайлап,
Маңайдағы көрінбейді көзіне .


ТҮРКІСТАН .
Тарихтарың сыр шертіп ғасырлардан ,
Көкте күнің Түркістан жарқыраған .
Ән арнадым рұхсат ет , бас иемін ,
Тебіренттің рухыңмен асыл бабам .
Қожа-Ахмет ойын тербеп шарлаған ,
Болашақтың шамын жағып Түркістан .
Кемтарларға дер кезінде дем беріп,
Сая болдың кезі болса шаршаған .
Түркі-Қазақ атанған жер анасы ,
Кіші Мекке Түркістан баб қаласы .
Бір өзіңді пір тұтып табынамын ,
Шығыстағы Мұсылман астанасы .
Хан Абылай елің үшін жаралған ,
Күмбездерің асыл нұрдан нәр алған .
Түркістаным гүл бақшаңа оранып ,
Әлем шарға қасиетің таралған .

Жібек жолың Үндіге жалғастырған ,
Әмір-Темір қолдары мың жасаған .
Имандылық Түркістан мекенісің ,
Тай қазаның ырыс боп оратылған .
Батырлырың шайқасқанда жауымен ,
Үш билерің ақылдасты қауыммен .
Түркістаным атты таңын жаңарып ,
Егеменді елім болып оңымен .
ІЗДЕСЕҢ МЕНІ .
Ана тілім сөз қорында байлығың ,
Ырғағымен ерте енген айбының .
Құрметтеймін , қадырлеймін өзіңді ,
Білім берген көл – дария айдының .
Күй шертеді домбырасы азаттың ,
Талай жылдар оты жанған тозақтың .
3Атты таңым шұғаладан жарық боп ,
Ел жайлауын мақтан етем қазақтың .
Көк жүзінде жарқырайды жұлдызың ,
Олар сенің арман еткен ұл – қызың .
Сөзін тыңдып , көзі көрген ақынға ,
Шабыт беріп , өлең жолын құрғыздың .

Егер мені іздесең көппен ізде ,
Жадыраған таңдағы нұрдан ізде .
Жарқыраған жарықта сәуле шашқан ,
Барлық кезде боламын ылғи бізде .
cерікбай маханұлы ақын--сазгер
МЕН ҚАЗАҚПЫН .

Екпінді марш . Сөзі және Әні .
Серікбай Маханұлынікі .

Мен қазақпын қаным таза жаралған ,
Ар жолында еркіндіктен нәр алған .
Анашымның ақ сүтінен ем қонып
Ана тілім , бесік жырмен таралған .
Қайырмасы :
Айталамын мен қазақпын есейген ,
Ел Ордасы Астанам бар көркейген .
Алға , самға Қазақстан , Әнұран
Көкке Туым , Елтаңбамен өрлеген .
Қан төгістер талай өтті тарихта ,
Сырға толған бар шындықты анықта .
Мың рет өліп , қайтадан бір тірілген Нар қазағым әлем шарға шарықта .
Қайырмасы : Мен қазақпын , билік құрған тілім бар ,
Шүкір еттім бостандықта үннім бар . Тәуелсізбін ешкімдерге жалынбай
Иелік еткен Егемендік елім бар .
Қайырмасы